​Астанадан ұша алмаған жолаушыларға билет құны толығымен қайтарылады - Көлік министрлігі

0
844


ERNUR.KZ. Астанадан ұша алмаған жолаушыларға билет құнының 100%-ы қайтарылады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан Facebook-парақшасында жазды.

"Әлеуметтік желілерде рейстердің тоқтатылуына және кешіктірілуіне байланысты өз жоспарларын өзгерткен жолаушылар билеттерінің құнын қайтару барысында әділетсіздіктің орын алғаны туралы қате ақпар жарияланып жатыр. Аталған мәселе бірден әрі толығымен жолаушылар үшін оңтайлы шешілген.

Қазақстанның көлік министрлігі авиакомпанияларға ауа райына байланысты Астанадан ұшып кете алмаған жолаушыларға билеттер құнын 100% қайтаруды тапсырды. Билетті арнайы қосымшалар арқылы қайтару кезінде белгілі бір сома ұсталып қалады деп шығуы мүмкін. Өйткені әуе компаниялардың билет сатуға арналған жүйелерінің техникалық баптаулары автоматты түрде солай есептейді.

Сондықтан билеттің толық құнын қайтару үшін жолаушылар авиакомпанияларға тікелей жүгінуі керек. Мұны екі әдіспен жүзеге асыруға болады: телефондарына хабарласып немесе Астана әуежайы ғимаратында орналасқан әуе тасымалдаушылардың кеңселеріне барып, билеттің толық құнын қайтарып алуға болады", деп жазды Жанжігіт Омархан.