Астаналық курьер тұрғын үй кіреберісінде дәрет сындырып кеткен

0
443

Бұл әрекеті видеоға түсіп қалған.


Астаналық курьер тұрғын үй кіреберісінде дәрет сындырып кеткен

ERNUR.KZ. Астаналық курьер жеткізу қызметін орындаған соң, тұрғын үй кіреберісінде әжетхана қажеттілігін өтеген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға «Нұра» ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде болды.

Курьер қызметін атқаратын ер адам тұрғын үй кіреберісінде баспалдақпен төмен түсіп келе жатып, тоқтап, әжетхана қажеттілігін өтеген. Бұл әрекеті видеоға түсіп қалған.

Полиция ер адамды ұстады. Енді ол «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша заң алдында жауап береді.

Оған 73 840 теңге (20 АЕК) көлемінде айыппұл салынады немесе 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.