Астананың осындай деңгейге жеткеніне өзім де таң қаламын - Нұрсұлтан Назарбаев

0
1 247

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің ғимаратында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалымен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжіліс өтіп жатыр.


Астананың осындай деңгейге жеткеніне өзім де таң қаламын - Нұрсұлтан Назарбаев

фото: knk.media

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің ғимаратында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалымен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжіліс өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мінекей, көзді ашып-жұмғанша 20 жыл өтіп кетті. Біз биыл Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Менімен бірге сол кезде келген қатарластарым, жастардың есінде болса, бұл жер иен дала болатын. Бұрынғы Ақмола қаласының төңірегінің қандай болғанын бәріміз білеміз. Жаңа қаланың орнында мидай дала, ештеңе жоқ. Қазір келе жатып қаланы көргенде осылай болғанына өзім де таң қаламын. Біз ата-бабамыздың арманын орындап, Сарыарқаның төрінде ел ордасы - астананы салып, дүниежүзін тамсандырып, елімізді қуантатын, көршілеріміз таң қалатын шаһарға айналдырдық», - деді мәжілісті ашқан Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы осы ретте күндіз-түні, аязда, боранда тынбай жұмыс істеген құрылысшыларға, монтажшыларға, қаланың іші-сыртын тазалаған жұмысшыларға ризашылығын білдірді. «Әрине, оның ішінде біздің де аздаған еңбегіміз бар. Сондықтан осы 20 жылдықты қалай өтіземіз деген мәселемен жиналып отырмыз. Жылда қалада істелген шаруаларды осындай кеңесте ақылға салып, ары қарай не істеу керектігін ақылдасамыз», - деді Елбасы.