Атбасарда түрмеде жазасын өтеп жатқан адам қайтыс болды

0
1 545

​Ақмола облысында ауруханада түрмеде жазасын өтеп жатқан азамат қайтыс болды, бұл дерек бойынша қылмыстық тергеу жүргізілуде


Атбасарда түрмеде жазасын өтеп жатқан адам қайтыс болды

фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында ауруханада түрмеде жазасын өтеп жатқан азамат қайтыс болды, бұл дерек бойынша қылмыстық тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .

"Атбасар аудандық орталық ауруханасында үшінші ақпан күні ЕЦ 166/4 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан 30 жастағы ер адам қайтыс болды", — деп хабарлады агенттікке сұхбат беруші.

Мәліметке сүйенсек, ер адамның өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір облыстың ІІД тексеру жүргізіп жатыр екен.