​"Атын пайдаланбаңыздар": Алматыда өзіне қол салған оқушының әкесі қазақстандықтарға өтініш білдірді

0
843

Сергейдің ата-анасының мектеп басшылығына, сондай-ақ куратор мен психологқа шағымдары жоқ.


​

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебінің өзіне қол солған оқушысының әкесі қазақстандықтарға өтініш білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Назарбаев зияткерлік мектебінің сайтына сілтеме жасап.

8-сынып оқушысы Сергей Кимнің әкесі Виктор Ким Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің басшылығына мәлімдеме жасап, отбасында болған қайғылы жағдайға, туыстары мен жақындарының көңіліне түсіністікпен қарауды сұрайды.

"Менің ұлымның атын пайдаланбауды және әлеуметтік желілердегі кез-келген іс-шараларды, акциялар мен жазбаларды, соның ішінде юбка киюді насихаттауды тоқтатуыңызды сұраймын", - деп жазды Виктор Романович.

Ондағы мәліметке сәйкес, отбасы оқушыға қысым көрсету және оның психологиялық мәселелері туралы барлық болжамдар мен айыптаулардың шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті, Сергейдің ата-анасының мектеп басшылығына, сондай-ақ куратор мен психологқа шағымдары жоқ.

"Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін қосымша ақпарат жариялап, кеңейтілген түсініктеме бермейді", - делінеген сайтта.