Атырау облысына 2 мың тонна ұн мен 200 тонна күнбағыс майы жеткізіледі

0
704

Батыс Қазақстан облысынан ұн мен күнбағыс майын жеткізу жөнінде келісімшарт жасалған.


Атырау облысына 2 мың тонна ұн мен 200 тонна күнбағыс майы жеткізіледі

Атырау облысына 2 мың тонна ұн мен 200 тонна күнбағыс майы жеткізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, Батыс Қазақстан облысынан ұн мен күнбағыс майын жеткізу жөнінде келісімшарт жасалған.

«Атырау облысы әкімдігі мен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ арасындағы келісімге «Желаев нан өнімдері комбинаты» арқылы өңірдегі наубайханаларға 1-сұрыпты 2000 тонна ұн жыл соңына дейін жеткізіледі. Бұл мекеме осыған дейін де өңірдегі наубайханалар үшін 1-сұрыпты ұнды төмен бағамен беріп келген. Орал қаласындағы «Белес-Агро» кәсіпорнынан 200 тоннаға жуық күнбағыс майын сатып алу үшін келісім жасалды. Алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар ұн, күнбағыс майы секілді өнімдер жергілікті кәсіпкерлер мен «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы еш кедергісіз тасымалданады», -дейді Қайрат Нұрлыбаев.

Оның айтуынша, қазір 1-сұрыпты нан бағасы «Дәулет Нан» ЖШС-нің сауда нүктелерінде 90 теңгеден сатылып жатыр.

«Атырау облысының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамту, бағаны тұрақтандыру үшін өзге өңірлермен, жақын шет елдермен тиісті жұмыстарды ұйымдастырып отыр», -деп мәлім етті Қайрат Нұрлыбаев.