Атырау облысында 12 тонна мақта тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

0
621

DAF жүк көлігі Тәжікстаннан Түркияға бет алған.


Атырау облысында 12 тонна мақта тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Оқиға 10 желтоқсан күні түс ауа Атырау-Маңғыстау республикалық тас жолында, Құлсары қаласынан 80 шақырым жерде болған, деп жазады ulysmedia.kz.

DAF жүк көлігі Тәжікстаннан Түркияға бет алған.

Төтенше оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер сағат 15:54-те өртті ауыздықтады. Сағат 18:45-те өрт толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке не себеп болғаны белгісіз. Тіркеме мен мақтаны сақтап қалу мүмкін болмады.