Атырау облысында 4 айлық сәбиін өлтірген әйел ұсталды

0
391

Нәрестесін жылағаны үшін пышақтаған.


Атырау облысында 4 айлық сәбиін өлтірген әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Атырау облысындағы Көптоғай ауылының 41 жастағы тұрғыны өзінің төрт айлық сәбиін өлтірді деп айыпталуда, деп жазады АқЖайық.

Басылымның мәліметінше, күдікті әйел нәрестені қатты жылағаны үшін ас үй пышағымен бірнеше рет жарақаттаған.

Нәрестенің өлімін облыстық полиция растады.

"Аталған факті бойынша 99-баптың 2-бөлігінің 3-тармағы "кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Атырау облысы полиция департаменті басшысы Қамза Үмбетқалиев.

Осы бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру қауіпі бар.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталды.