Атырау облысында денсаулық сақтау басшысы тағайындалды

0
655

Ол бұрын Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарған.


Атырау облысында денсаулық сақтау басшысы тағайындалды

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Асхан Байдуалиев болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Байдуалиев Асхан Мархабайұлы - уролог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. Еңбек жолын урология және жедел нефрология кафедрасының ассистенті болып бастаған. Алматы облысы Қарасай аудандық емханасының директоры, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің қосымша кәсіптік білім беру орталығының басшысы болған.

Бұған дейін Асхан Байдуалиев Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің клиникалық жұмыс департаментінің директоры және Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Ол өз еркімен отставкаға кеткен Байтолла Ғазизовтың орнына келді.