Атырау облысында қарақұрттан ірі қара мал қырылып жатыр

0
585

Ауа райының аптап ыстығы мен құрғақшылыққа байланысты Индер ауданында улы жәндіктер көбейіп, төрт түлік, соның ішінде түйелерді қарақұрт шағу деректері тіркеліп жатыр.


Атырау облысында қарақұрттан ірі қара мал қырылып жатыр

ERNUR.KZ. Атырау облысының Индер ауданында қарақұрт шағып өліп жатқан мал саны көбейіп келеді, деп жазады zakon.kz.

Ауа райының аптап ыстығы мен құрғақшылыққа байланысты Индер ауданында улы жәндіктер көбейіп, төрт түлік, соның ішінде түйелерді қарақұрт шағу деректері тіркеліп жатыр.

Аудандық ветеринариялық стансаның мәліметінше, барлығы 112 малды, оның ішінде 108 түйені қарақұрт шаққаны анықталып отыр.Олардың 16-сы өлген. Атап айтқанда, Елтайда 8, Есболда 25, Бөденеде 11, Жарсуатта 4, Көктоғайда 54 түйе мен 2 жылқы, Өрлікте 6 түйе және Индерде жылқы мен сиыр тіркелді.

Басылымның жазуынша, қазір қарақұрт шаққан малдарға антибиотикпен ем-дом шаралары жүргізіліп жатыр.