Атырау облысында қол астындағы қызметкерін балағаттаған мектеп директоры жұмыстан қуылды

0
743

Мектеп басшысының бұл әрекетіне қатысты оқу-ағарту министрлігіне жіберілген сұрау жауапсыз қалмады.


Атырау облысында қол астындағы қызметкерін балағаттаған мектеп директоры жұмыстан қуылды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде мектеп басшысының қарамағындағы қызметкермен дөрекі сөйлесіп жатқан видеосы тараған еді, деп жазады stan.kz.

Аудиожазбада мектеп директоры: “Мен сотталсам, маған сәлемдемені сен әкеліп тұрасың ба? Қ*тақбас”, – дейді.

Мектеп басшысының бұл әрекетіне қатысты оқу-ағарту министрлігіне жіберілген сұрау жауапсыз қалмады. Атырау облысының білім басқармасы директордың жазаланғанын мәлім етті.

“Атырау облыстық білім беру басқармасы Білім туралы Заңының 45-бабының 3-тармағының 5-тармақшасына сай, өзіне сеніп тапсырылған мектептің қаржы - шаруашылығын жүргізуде қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланып, лауазымдық міндеттеріне жауапсыз қарағаны үшін Т. Амандосов атындағы орта мектеп директоры 2024 жылдың 4 қаңтарында лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.

Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенованың айтуынша, болған жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр. Ал директор тексеруден кейін Антикордың ұсынысымен қызметінен босатылған.

“Бұл іс қозғалған кезде мен басшы лауазымында емес едім, мен тамыз айында тағайындалдым, ал іс ертерек қозғалған еді”, – дейді ол.