Атырау облысында күкірт тиелген вагондар жолдан шығып кетті

0
279

Тепловозда жалпы саны 62 вагон болған.


Атырау облысында күкірт тиелген вагондар жолдан шығып кетті

ERNUR.KZ. Атырау облысындағы Жылыой ауданында күкірт тиелген вагондар жолдан шығып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Төтенше жағдай бүгін түнгі сағат 03:25-те "Құлсары" станциясына жақын жерде болған. "Теңізшевройл" компаниясына тиесілі тепловоздың 7 вагоны рельстен жартылай шығып кетті. Тепловозда жалпы саны 62 вагон болған.
"Вагондарда күкірт тиелгені анықталды. Бірақ күкірт далаға төгілмеген. Зардап шеккендер жоқ", - дейді департамент мамандары.
Вагондарды рельске қою үшін "Қазақстан темір жолы" компаниясының қалпына келтіру пойызы оқиға орнына барды.