Атырау облысында жасырын казино анықталды

0
460

Ойын фишкалары, карталар 3300 АҚШ доллары, 957 000 теңге және де басқа да заттар тәркіленді.


Атырау облысында жасырын казино анықталды

ERNUR.KZ. Атырау облысы жасырын казино жұмысын жүргізген адамдар тобы анықталды, деп жазады sputnik.kz.

"Тінту жүргізіліп, ойын фишкалары, карталар 3300 АҚШ доллары, 957 000 теңге және де басқа да заттар тәркіленді. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты тұлғалар және куәлардан жауап алынды", - делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстық құқықбұзушылық ұйымдастырушалары өз әрекеттерін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.