Атырау облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды

0
456

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2115 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі және көлікте болған үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты.


Атырау облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Атырау облысында екі көлік соғылып, бес адам қайтыс болды, деп жазады Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық ресурсы бұл оқиғаның 14 қаңтар күні сағат 11:30 шамасында орын алғанын жазды. Құлсары-Бейнеу тас жолының 15 шақырымында Армения елінде тіркелген Honda Odessey және Ресей елінде тіркелген ВАЗ-2115 автокөліктері соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2115 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі және көлікте болған үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Ал екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Жылыой ауданының ауруханасына жеткізілген. Жолаушы алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды.

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары басталды.