Атырау облысының әкімі бірінші орынбасарын отставкаға жіберуден бас тартты

0
523

Облыс әкімінің орынбасары өз қарамағындағы қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаннан кейін, отставкаға кету туралы өтініш жазды.


Атырау облысының әкімі бірінші орынбасарын отставкаға жіберуден бас тартты

ERNUR.KZ. Атырау облысы әкімінің орынбасары Серік Айдарбеков қызметтен кетуге өтініш берді, алайда өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов оның отставкасын қабылдаған жоқ, деп жазады Ақ жайық.

Сәуір айында сот облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бұрынғы басшысы Серік Қамидолланы қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты. Бірақ өз ісіне өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Осыдан кейін оның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларға жетекшілік ететін басшысы Серік Айдарбеков отставкаға берді, алайда Махамбет Досмұхамбетов өтінішті қабылдаған жоқ. Облыс әкімінің бірінші орынбасарына тек қатаң сөгіс жарияланды.

Айта кетері, өңір басшысы Досмұхамбетовтің өзі де жақын арада отставкаға кетуге өтініш беруі мүмкін. Өйткені оның бұрынғы бірінші орынбасары аса ірі мөлшерде пара алды деген айыппен сотталып жатыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, оның тікелей басшысы, яғни облыс әкімі президенттің атына қызметтен кетуге өтініш жазуға міндетті болады.