Атырауда балабақша тәрбиешісі сабақ түсіндіру кезінде баланы ұрып жіберген (видео)

0
447

Желіде тараған видеода тапсырма орындап отырған жан-жағына алаңдағаны үшін оқытушының оны ұрып жібергенін көруге болады.


Атырауда балабақша тәрбиешісі сабақ түсіндіру кезінде баланы ұрып жіберген (видео)

ERNUR.KZ Атырауда инклюзивті балабақша тәрбиешісі баланы ұрып жіберген. Оқытудың педагогикаға қайшы әдістері желіге таралып кетті, деп жазады Stan.kz



Желіде тараған видеода тапсырма орындап отырған жан-жағына алаңдағаны үшін оқытушының оны ұрып жібергенін көруге болады.

Бейнежазба Атыраудағы "Дара-Инклу" жекеменшік балабақшасында түсірілгені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, бейнероликті балабақша қызметкерлерінің өздері сабақ өту кезін көрсету ретінде түсірген. Олар бейнежазбаны балалардың ата-анасын жолдаған, алайда соққы жасаған тұсын алып тастауды ұмытып кеткен секілді.

Баланың ата-анасы ұлын ұрған қызметкерді жазалауды талап етіп, арыз жазған. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

“Атырау қалалық полиция департамент аталған факті бойынша тергеу басталғанын, басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейтіні хабарлайды”, – делінген полиция ақпаратында.

Қалалық білім бөлімі де қызметтік тексеруді бастағанын айтты.

“Оқиға департамент басшылығының қатаң бақылауында. Тексеру қорытындысы бойынша заңға сәйкес тәртіптік шаралар қолданылады”, – деп қосты олар.