Атырауда бір жасар баланың миына күрделі ота сәтті жасалды

0
1 266

Облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мұндай күрделі отаны жергілікті нейрохирург жасаған.


Атырауда бір жасар баланың миына күрделі ота сәтті жасалды

ERNUR.KZ. Атырауда бір жасар баланың миына күрделі ота сәтті жасалды, депжазады ҚазАқпарат.

Облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мұндай күрделі отаны жергілікті нейрохирург жасаған.

«Бір жасар баланың мерзімінен екі ай бұрын дүниеге келген. Ол облыстық перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде дәрігерлер бақылауында болған. Бірақ, баланың жағдайы жақсармады. Содан кейін дәрігерлер балалар ауруханасының нейрохирургі Шодер Ариповке жүгінген», -деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Дәрігерлер балаға мидағы қан кету диагнозын қойған. Бұл диагноз ультрадыбыстық зерттеу қорытындысымен расталған. Бірнеше рет ота жасалып, баланың жағдайы жақсара бастаған. Алайда, баланың миында алты ісік өсіп, алманың көлеміндей деңгейге жеткен.

«Мұндай жағдай еліміздің өзге қалаларында кездесті. Сол себептен, біз Атырауға балалар нейрохирургы Данияр Сабдиналиевті шеберлік сабағын өткізуге шақырдық. Бірнеше сағатқа созылатын ота кезінде баланың миындағы бұл патологияны алып тастадық. Қазір науқастың жағдайы қанағаттанарлық деуге болады. Осындай бірегей отаны біздің ауруханада жасалады», -дейді нейрохирург Шодер Арипов.

Нейрохируг Шодер Арипов облыстық денсаулық сақтау басқармасының шақыруымен 2018 жылы Тараз қаласынан Атырауға көшіп келген. И.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының түлегі травматологияда тәжірибе жинақтаған. Алайда, оны нейрохирургия қызықтырған. Бұдан бұрын Қарағанды, Тараз қалаларында жұмыс істеген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда туа біткен патологиясы бар балаға күрделі ота жасалғанын жазған едік.