Атырауда бірнеше вагон рельстен шығып кетті

0
543

Құрбандар мен зардап шеккендер болмаған.


Атырауда бірнеше вагон рельстен шығып кетті

ERNUR.KZ. Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қазан күні кешкісін Мақат вокзалында төрт жүк вагоны теміржолдан шығып кеткен, деп жазады exk.kz.

"Рельстен шығу бөлек желіде болған, сондықтан ол басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Бұл дерек бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдар дер кезінде хабардар етілді. Қазір оқиғаның себептерін анықталуды", делінген хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер болмаған.

Жүк вагондарына қандай зат тиелгені әзірге айтылмаған.