Атырауда діни мерекені тойлап, от жаққан мектептің директорына қатаң сөгіс берілді

0
1 279

Діни сипаты бар іс-шара мектептің базасында өткен.


Атырауда діни мерекені тойлап, от жаққан мектептің директорына қатаң сөгіс берілді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Атыраудағы №8 қалалық мектептің оқушылары мен мұғалімдері "Масленица" мерекесін атап өту үшін білім ордасы ауласында от жаққанын сипаттайтын видео жарияланды, деп жазады zakon.kz.

Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігін діни-шараның өзі емес, мектеп ауласында оттың жағылуы ашу туғызған.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Instagram-дағы тікелей эфир кезінде осы жайтқа қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, мұндай іс-шараны мектепте өткізуге болмайды.
"Діни сипаты бар іс-шара мектептің базасында өткен. Бірақ қауіпсіздікті сақтау үшін төтенше жағдайлар органдарымен келісілмеген. Атырау қалалық білім бөліміне де хабарланбаған. Мектептің директоры ата-аналар ұсынысын қолдап, білім ордасының ауласында алау жағуға рұқсат берген. Осыған байланысты мектептің директорына қатаң сөгіс берілді", - деді Жасұлан Бисембиев