Атырауда қабаған ит полицей мен ер адамды жарақаттады

0
675

Қабаған иттің иесін ұстау сәті әлеуметтік желіде тарады.


Атырауда қабаған ит полицей мен ер адамды жарақаттады

ERNUR.KZ. Атырауда мас ер адамның қабаған иті екі адамды жарақаттады. Зардап шеккендердің қатарында полиция қызметкері де бар, деп жазады Stan.kz.

Оқиға 24 маусымда болған. Қабаған иттің иесін ұстау сәті әлеуметтік желіде тарады. Болған оқиғаны облыстық полиция депрартаментінің баспасөз қызметі растады.

"Жергілікті уақытпен түнгі сағат 01:15 шамасында 102 операторына Атырау қаласының "Авангард-2" шағын ауданындағы көпқабатты үйдің біріне 1999 жылға әйелдің кіре алмай тұрғанын жөнінде хабар түсті. Осыған байланысты патрульдік полиция батальонының жаяу қызметкерлері аталған үйдің ауласына келді. Хабар берген әйел мен танысына белгісіз ер адамның тиісіп, Стаффорд тұқымдас итін бағыттағаны анықталды. Қабаған ит 1992 жылғы ер адамның қолын тістегені анықталды. Кейін ер адам қабаған итін полиция қызметкерлеріне бағыттап, қашып кетуге оқталды. Оқиға орнына автопатрульдеу экипажының қызметкерлері көмекке келді. Полицейлер ҚР Құқық қорғау органдары туралы заңының 61-бабының 6-тармағына сәйкес арнайы құралдарды қолданып, итті залалсыздандырды. Ал, иттің иесі медициналық куәландыру қорытындысымен мас күйде болғаны дәлелденді", – делінген хабарламада.

Қабаған иттің шабуылынан патрульдік полиция батальоны қызметкерінің беті жарақаттанған. Полиция қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді. Ал 1991 жылы туған иттің иесі жедел-тергеу тобына жеткізілді.