Атырауда қатты желдің салдарынан перзентхананың шатыры опырылып түсті

0
526

Екі қызметкердің көлігі шатыр астында қалды.


Атырауда қатты желдің салдарынан перзентхананың шатыры опырылып түсті

ERNUR.KZ. Атырауда қатты желдің салдарынан перзентхананың шатыры опырылды. Зардап шеккендер жоқ. Екі қызметкердің көлігі шатыр астында қалды, деп жазады zakon.kz.

Оқиға орнын Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тексеріп жатыр.

"4 шілде күні сағат 20:00 шамасында қатты жел облыстық перинаталдық орталықтың шатырын ұшырып кетті. Атап айтқанда, бес қабатты «Б» корпусының 500 шаршы метр шатыры желдің салдарынан ұшып кетті", - деп жазады Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Денсаулық сақтау басқармасы биыл Атырау облыстық перинаталдық орталығы күрделі жөндеуден өтетінін атап өтті. Қазір бастапқы жұмыстар жоспарланып жатыр.