​Атырауда көктемгі балық аулау маусымы басталды

0
2 451

Көктемгі балық аулау маусымына 18 балық шаруашылығы кәсіпорындары жұмырылды.


​Атырауда көктемгі балық аулау маусымы басталды

Наурыз айының 24-нен Жайық-Каспий бассейіні бойынша көктемгі балық аулау маусымы басталды,- деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, көктемгі балық аулау маусымына 18 балық шаруашылығы кәсіпорындары жұмырылды. Оның екеуі — бекіре балық өсіру зауыты.

"Жайық-Каспий бассейіні бойынша биылғы көктемгі мауысымда табиғат пайдаланушылар 13 000 тоннаға жуық балық аулауы тиіс. Балық аулау маусымында 4500 жуық адам тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтылады»,-деді балық шаруашылығы басқармасының басшысы.