Атырауда қызға қарақшылық шабуыл жасағандар күтпеген жайға тап болды

0
826

Шабуылдағандар мұндайды күтпеген болу керек...


Атырауда қызға қарақшылық шабуыл жасағандар күтпеген жайға тап болды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Атыраудағы Нұрсая ықшамауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде түсірілген жазба таралып жатыр, деп жазады Тengrinews.kz.

Видео кадрларынан қыз есік ашып жатқан кезде белгісіз бір ер адамның оның соңынан аңдып, бір сәтте оған екі ер адамның шабуылдағаны көрінеді.

Ал бірнеше секундтан соң сол пәтерден ер адам шығып, қарақшыларды итеріп тастағаны байқалады. Шабуылдағандар бірден қашып кеткен. Бұл оқиға 3 ақпанда сағат 18.46-да болған.


"Бұл дерек тіркелді, сотқа дейінгі өндіріс жүріп жатыр", - делінген Telegram-дағы "Атырау облысы әкімдігі" парақшасында.

Ал өңірлік полиция департаментінің өкілдері осы оқиға бойынша кейінірек мәлімет беруге уәде берді.