Атырауда полиция көлігі отқа оранды

0
393

Өрт көліктегі электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған.


Атырауда полиция көлігі отқа оранды

ERNUR.KZ. Атырау қаласында полиция көлігі отқа оранды, деп жазады Stan.kz

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 1 қазанда сағат 18:30 шамасында болған.

"Атырау қаласындағы Азаттық даңғылында "Nissan Almera" қызметтік көлігінен өрт шықты. Өрт көліктегі электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған. Қазір полиция қызметкерлері өрттің шығу себебін анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр" - деді департаменттің баспасөз қызметі.