Атырауда Жайық өзенінде мұз жарылып, 2 жасөспірім суға құлап кеткен

0
465

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 7 наурыз күні сағат 18:30 шамасында болған.


Атырауда Жайық өзенінде мұз жарылып, 2 жасөспірім суға құлап кеткен

ERNUR.KZ. Атырауда екі жасөспірім Жайық өзеніне құлап кетті, деп жазады Stan.kz.


Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 7 наурыз күні сағат 18:30 шамасында болған.

Жасөспірімдердің Жайық өзеніндегі мұз ойығына құлап кеткенін алдымен полиция батальонының қызметкерлері байқаған.

“Құтқару қызметінің байланыс бекетіне мұз ойылып 2 бала түсіп кеткені туралы шақырту түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде 2007 жылы туған 2 жасөспірім мұз ойылып, мұзды ұстап тұрғаны анықталды”, – делінген хабарламада.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері келіп, жасөспірімдер жағаға шығарылған. Жасөспірімдерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Оқиға орнында мұз бетіне шығуға тыйым салатын белгі орнатылған, алайда балалар белгіге қарамастан доп ойнап, мұз үстіне шыққаны анықталды.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында полицейлердің суға құлап кеткен әйелді құтқарып қалғаны туралы жазған едік.