Атырауда жатақхана студенттері шұғыл эвакуацияланды

0
475

Ескі ғимарат 1972 жылы салынған.


Атырауда жатақхана студенттері шұғыл эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті №2 жатақханасының студенттері шұғыл эвакуацияланды. Қазір олар басқа оқу орындарының жатақханаларына көшірілді. 500-дей студентті эвакуациялауға жатақхана қабырғасының жарылуы себеп болған, деп жазады sputnik.kz.

Ескі ғимарат 1972 жылы салынған. Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары жатақхананы қарап, оны тұруға қауіпті деп таныды.
"Бірінші қабаттың қабырғасындағы жарықшақ 2022 жылдың соңында пайда болған еді. Алайда жуырда ол тереңдеп, салдарынан ішкі қабырғасы опырылып құлады. Биыл бізде күрделі жөндеу жоспарланған. Осыған байланысты мамандар ғимаратты апатты деп танығандықтан, студенттер уақытша басқа университеттердің жатақханаларына көшірілді", - деп мәлімдеді Атырау университетінің инфрақұрылым жөніндегі директоры Жалғасбай Шағыров.
Студенттер жатақханасында жөндеу жұмыстары соңғы рет 2017 жылы жүргізілген.