Атырауда жеке үйлердің маңынан мұнай қалдығы табылды

0
1 268

Мұнайға ұқсас қалдықты жергілікті тұрғындар көріп, дабыл қаққан.


Атырауда жеке үйлердің маңынан мұнай қалдығы табылды

ERNUR.KZ. Атырауда жеке үйлердің маңынан мұнайға ұқсас қалдық табылды. Қоршаған ортаны бүлдіргендерді іздеу жұмыстары басталды, деп жазады stan.kz.

Мұнайға ұқсас қалдықты жергілікті тұрғындар көріп, дабыл қаққан. Атырау облыстық Экология департаментінің мамандары да қалдық мұнайға тиесілі болу мүмкін екендігін айтады.

“Жер телімдерінің ластанып жатқаны анықталды. Қалдық ең жақын орналасқан ғимарат - Қызылбалық елді мекенінің бұрынғы жылыту орталығы. Полиция басқармасы мен әкімдікке хат жолданды”, - деп жауап берді облыстық Экология департаментінің баспасөз қызметі.

Атырауда мұнай қалдықтарының табылып, қоршаған ортаға зиян келтіруі таңғаларлық жағдай емес. Өткен жылы 50 шаршы метрге жайылған мұнай қалдықтары табылған болатын. Жақын жерде мұнай компаниясы барлау жұмыстарын жүргізіп жатырғаны белгілі болды.