Атырауда жол апатынан шетел азаматы көз жұмды

0
1 802

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктегі өзбекстандық әйел мерт болды.


Атырауда жол апатынан шетел азаматы көз жұмды

ERNUR.KZ. Атырау облысында тәртіп сақшыларының ескертуін елемеген шетелдік жүргізуші қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігіне соқтығысты, деп жазады inbusiness.kz


Жол апаты салдарынан жеңіл көліктегі өзбекстандық әйел мерт болды.

"Жол апаты 20 қаңтар күні сағат 16:30 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 659-шақырымы тұсында тіркелді. Сhevrolet Cobalt маркалы көліктің рөлінде Өзбекстан Республикасының 1992 жылғы азаматы болған. Шетелдік жүргізуші көліктің басқара алмай, қарсы бағытта келе жатқан Mercedes Benz Actros маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінде отырған 1982 жылғы жолаушы қаза тапты. Марқұм болған әйел Өзбекстан Республикасының азаматы екені анықталды", – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.