Атырауда кәріз суы зиратқа ағып жатыр (видео)

0
3 007

Кәріз құбырының жарылуы қала маңындағы ескі мұсылман зиратының аумағында болды. «Бұл зират қолданылмайды және жерлеу рәсімдері мұнда бей-берекет жүргізілген.


Атырауда кәріз суы зиратқа ағып жатыр (видео)

Атырауда кәріз сулары зиратты алып жатыр. Сол себепті қабірлер көшірілуі мүмкін. Қаладағы кәріз коллекторының жарылуы салдарынан зиратты су басуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәріз құбырының жарылуы қала маңындағы ескі мұсылман зиратының аумағында болды. «Бұл зират қолданылмайды және жерлеу рәсімдері мұнда бей-берекет жүргізілген. Бұл бейіттің шекарасын кеңейтіп келді. Салдарынан оның бір бөлігі кәріз коллекторының үстінен түскен. Қазіргі уақытта апатты жою үшін екі қабірді көшіру туралы мәселе шешілуде», - дейді «Атырау Су Арнасы» ҚМК-ның баспасөз қызметі.

Қоса кетейік, әлеуметтік желіде пайда болған мына бейнетүсірілімде жергілікті тұрғындар қара түсті сұйықтықты мұнайға ұқсатты. «Мұнайды алғаннан кейін пластты сумен толтырады. Мүмкін су шығар?! Құдай сақтасын бейітті су алып кетпесе иегі еді», «Олай болмасын деп тілейікн Әйтпесе доллар көздеген дөкейлер қазу жұмыстарын жасайтыны анық» деген ойларын айтады.