Атыраудың жаңа әкімі көгершіндерге жем шашуға тыйым салды

0
778

Шенеунік «Құстар академик Қаныш Сәтбаев ескерткішін ластап, олардың саңғырығынан аяқ алып жүру мүмкін емес» деген.


Атыраудың жаңа әкімі көгершіндерге жем шашуға тыйым салды

ERNUR.KZ. Атыраудың әкім болып тағайындалғанына бір ай болған Шәкір Кейкін көгершіндерге жем шашуға тыйым салды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Шенеунік «Құстар академик Қаныш Сәтбаев ескерткішін ластап, олардың саңғырығынан аяқ алып жүру мүмкін емес» деп, Facebook-тегі парақшасында жазды.

Осылайша, әкім құстарға жем бермек түгілі, коммуналдық қызметтен алаңдағы көгершіндерді қуатын арнайы маманды қоюды талап етті.

«Жоқ дегенде 4-5 сағат уақытымыз кетеді осы жерге. Жеңіс саябағының ішіндегі батырларымызға қойылған ескерткіштеріміз бар. Сол демалатын жерлерге тұрғындар келіп жемдерін шашып осындай лас күйге түсіріп тұр. Әр аптаның сенбісінде жуатын едік. Қазіргі жазғы мезгілде 2 рет, 3 рет жууға тура келіп тұр», деді «Арнаулы автобаза» ЖШС қызметкері Күлайна Әжіғалиева.