Атышулы оқулық: Еxpress Publishing баспасының өкілі пікір білдірді

0
826

​Атышулы ағылшын оқулығына қатысты Express Publishing баспасының Қазақстандағы өкілі Edu Stream пікір білдірді.


Атышулы оқулық: Еxpress Publishing баспасының өкілі пікір білдірді

Ата-аналар тарапынан түсініспеушілік туғызған, әлеуметтік желіде қызу пікір-таласқа ұласқан кітаптағы суреттер мен ондағы кейіпкерлерге қатысты ойын ортаға салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Айтуларынша, оқулық мазмұны стандартқа сай. Грекиядан көшірілді деген әңгіме шындыққа жанаспайды. 2013 жылы Ұлыбританияда басылған кітапты 2016 жылы Қазақстанның оқу бағдарламасына бейімдеп шығардық дейді.

"Бұл жерде біреуді біреу кемсітіп, біреуді біреу насихаттап жатқан жоқ. Бұл мемлекеттік бағдарлама. Және де ең басты айта кететіні, 2016 жылы бұл кітап әзірленген кезде бір жарым жыл бойы осы нұсқа, әзірленген нұсқа білім және ғылым министрлігінің сайтында талқылауға түсті. Қоғамдық пікір жазылды, сындар айтылды. Оның бәрі ескерілді. Масленица неге тұр? Жаңа жыл неге тұр? Ол қазақтың ұлттық дәстүрі деп тұрған жоқ. Қазақстандық дәстүрлер деп тұр. Біз енді көп ұлтты Қазақстанбыз.Лағман неге тұр? Ол жерде лағман қазақтың ұлттық тағамы деп тұрған жоқ, Ұлан деген бала лағманды ұнатады деп тұр. Ол қарапайым ақпарат. Және ата-аналар басты тапсырмаға мән бермейді", - дейді Edu Stream компаниясының PR жөніндегі кеңесшісі,Салтанат Әскербекқызы.

Әр бес жылда кітап мазмұны жаңартылып қайта басылады екен. Edu Stream компаниясы биыл екінші сынып оқулығын өз қаражатына шығаратынын жеткізді. Ал бастауышқа арналған ағылшын тілі пәнінің кітабын бекіткен Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы Smiles кітабының Қазақстандағы нұсқасы білім беру стандарты мен ағылшын тілі пәнінің оқу бағдарламасына бейімделгенін алға тартады. Шу туғызған оқулықтың Грекияда британдық түпнұсқасы қолданылады. Яғни бұдан өзге Балтық елдері мен бірнеше Еуропа мемлекеттерінің мектеп бағдарламасына енгізілген екен.

із бұл сараптаманы өткізгенде орталықтың мамандарымен қатар Тіл білімі институты және ағылшын мұғалімдері мен оқытушыларының ассоциациясының да пікірін ескердік. Олардың пікірінше, ұсынылған кітаптардың ішінде ағылшын тілін жетік оқыта алатын оқулық осы", - дейді Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Елдос Нұрланов.

Министрлік бұл мәселеге жіті қарап отыр. Соған байланысты әлеуметтік желілерде, БАҚ құралдарында бұл кітап белгілі бір сынға ілінгендіктен, біз баспамен белгілі бір жұмыс жүргіздік. Келіссөздер өткізді. Олар өз еркімен әлеуметтік жауапкершілік таныта отырып, екінші сынып оқулығына түзету енгізіп, қазақстандық контентке қатысты сол кітапты өз есебінен биыл қайта басып шығаруға ниет білдірді.