Ауа райына байланысты 11 облыста республикалық жолдар жабылды

0
534

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 670 бірлік техника және 1479 жолшы жұмылдырылған.


Ауа райына байланысты 11 облыста республикалық жолдар жабылды

Сағат 18:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 17 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАвтоЖол баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • Абай облысында - 2 учаске (177 км)
  • Ақтөбе облысында – 2 учаске (467 км)
  • Алматы облысында - 1 учаске (84 км)
  • Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске (298 км)
  • Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км)
  • Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)
  • Қостанай облысында - 1 учаске (83 км)
  • Қызылорда облысында - 1 учаске (582 км)
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 учаске (163 км)
  • Түркістан облысында - 2 учаске (283 км)
  • Ұлытау облысында - 1 учаске (115 км)

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 670 бірлік техника және 1479 жолшы жұмылдырылған.