Ауа райының қолайсыздығына байланысты қазақстандық жолдардың 10 учаскесінде жол жабылды

0
530

1 наурыз сағат 10:20-дағы жағдай бойынша екі облыста ауа-райының нашарлауына байланысты Республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.


Ауа райының қолайсыздығына байланысты қазақстандық жолдардың 10 учаскесінде жол жабылды

ERNUR.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қазақстандық жолдардың 10 учаскесінде жол жабылды, деп жазады tengrinews.kz.

1 наурыз сағат 10:20-дағы жағдай бойынша екі облыста ауа-райының нашарлауына байланысты Республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Ақмола облысында екі учаске:

Астана - Петропавл аралығындағы 18-231-ші шақырым, Астана-Щучинск учаскесі;
Астана - Ерейментау - Шідерті, 16-200-ші шақырым, Астана учаскесі-Павлодар облысының шекарасы.

Павлодар облысында 8 учаске:

Қызылорда - Павлодар, 1258-1367-ші шақырым, Екібастұз учаскесі - Ленин кенті;
Астана - Ерейментау - Шідерті, 200-254-ші шақырым, Ақмола облысы шекарасының учаскесі - Шідерті кенті;

Қызылорда - Павлодар, 1206-1258-ші шақырым, Шідерті - Екібастұз кенті учаскесі;

Қызылорда - Павлодар, 1206-1135-ші шақырым, Шідерті кенті учаскесі - Қарағанды облысының шекарасы;

Павлодар - Успенка - РФ шекарасы, 0-152-ші километр, Павлодар учаскесі - РФ шекарасы;

Павлодар - Шарбақты - РФ шекарасы, 0-112-ші шақырым, Павлодар учаскесі - РФ шекарасы;

Ленинский - Ақсу - Көктөбе-Үлкен Ақжар, 0-40 - шақырым, Ленинский кенті - Еңбек ауылы.

Ленинский - Ертіс, 0-263-ші шақырым, Ленинский кенті - Ресей Федерациясының шекарасы.