Әуежай айналасындағы үйлер заңсыз салынған

0
850

Талғар ауданы әкімдігінің қызметкерлері әуежайдың санитарлық-қорғаныс аумағына жататын жерлерді жеке шаруашылық жүргізуге заңсыз берген.


Әуежай айналасындағы үйлер заңсыз салынған

ERNUR.KZ. Әуежай айналасындағы үйлер заңсыз салынған. Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Талғар ауданы әкімдігі қызметкерлерінің өкілеттігін теріс пайдалану деректері бойынша тергеу жүргізуге кірісті. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

- Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Талғар ауданына қарайтын Алматының әуежайына жақын аймақта жер телімдерінің заңсыз берілуі фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, - сказал Скляр.
Тергеу анықтағандай, 2015-2019 жылдары Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары жер телімдерін ұсыну туралы заңсыз шешімдер шығарып, өкілеттіктерін теріс пайдаланған.
- Талғар ауданы әкімдігінің қызметкерлері әуежайдың санитарлық-қорғаныс аумағына жататын жерлерді жеке шаруашылық жүргізуге заңсыз берген, оның ішінде заңсыз үй құрылысына жол берген, - деп қосты Скляр.