Ауғанстанға гуманитарлық жүк жөнелту жұмыстары аяқталды

0
1 165

Гуманитарлық көмектің бірінші партиясы, яғни 70 шатыр және "СК-Фармация" ЖШС дәрі-дәрмектері 11 қазанда Ауғанстанның Герат қаласына Ұлттық ұланының ұшағымен жеткізілді.


Ауғанстанға гуманитарлық жүк жөнелту жұмыстары аяқталды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 1659 тонна гуманитарлық жүк бөлінді, деп жазады baq.kz.

Гуманитарлық көмектің бірінші партиясы, яғни 70 шатыр және "СК-Фармация" ЖШС дәрі-дәрмектері 11 қазанда Ауғанстанның Герат қаласына Ұлттық ұланының ұшағымен жеткізілді.

27 теміржол вагонында тиелген гуманитарлық жүк (ұн, күріш жармасы, өсімдік майы, сүт консервілері, кереуеттер, төсек-орын жабдықтары, киім) Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан жөнелтілді.

Тиеу жұмыстарын ТЖМ 28237 және 52859 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қамтамасыз етті.