Ауыл мектептері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшіріледі

0
550

Министр педагогтардың жалақысын ұлғайту мәселесі күн тәртібінде тұратынын, оқулық әзірлеу мен оларға сараптама жүргізудің жаңа тәсілі әзірленетінін cонымен қатар педагогтарды кәсіби дамыту жүйесі жетілдірілетінін жариялады.


Ауыл мектептері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшіріледі

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2023 жылдан бастап толық жинақталған ауыл мектептерін жан басына қаржыландыруға біртіндеп көшіру қолға алынатынын айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Министрдің мәлімдеуінше, «BILIMDI ŪLT» баршаға арналған сапалы білім» ұлттық жобасы аясында қала мен ауыл және өңірлер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтуға ерекше назар аударылады.

«2023 жылдан бастап толық жинақталған ауыл мектептерін жан басына қаржыландыруға біртіндеп көшіру жоспарланып отыр. Бұл да қала мен ауыл мектептері арасындағы сапа алшақтығын шешуге мүмкіндік береді», – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр педагогтардың жалақысын ұлғайту мәселесі күн тәртібінде тұратынын, оқулық әзірлеу мен оларға сараптама жүргізудің жаңа тәсілі әзірленетінін cонымен қатар педагогтарды кәсіби дамыту жүйесі жетілдірілетінін жариялады.

«Ұлттық жобаға «Цифрлық ұстаз» жобасы енгізілді. Білім саласындағы тәрбие жұмысының маңыздылығын ескере отырып, «Құндылықтарға негізделген білім беру» тәрбие жобасын іске асыру, мектеп пен ата-ананың өзара қарым-қатынасы жүйесін жетілдіру, өзін-өзі басқару, дебат қозғалысын одан әрі дамыту сияқты жобаларға да басымдық беріледі», – деді министр.