Ауыл шаруашылығы министрі міндетін кім атқаратыны белгілі болды

0
530

Асқар Мамин жаңа вице-министрді ведомство ұжымына таныстырды.


Ауыл шаруашылығы министрі міндетін кім атқаратыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Үкіметінің қаулысымен Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды, деп жазады Primeminister.kz.

"Қарашөкеев "ҚазАгро" холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ президент әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды", - делінген хабарламада.


Премьер-министр Асқар Мамин 45 жастағы жаңа вице-министрді ведомство ұжымына таныстырды.