Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа басшы келді

0
5 453

Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев ҚР Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды.


Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа басшы келді

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалып, бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.

Сапаров Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған.

Мемлекет басшысының тағы бір Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев ҚР Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды.