Автокөлік қажет емес адамдар болуы мүмкін - ӨДҚ жеңілдетілген автонесие туралы

0
833

Ғаппаровтың айтуынша, бағдарламаға қосымша қаржыландыру қажеттілігі туралы шешім ақпанда қанша қазақстандық бағдарламаға қатысқаны белгілі болғаннан кейін қабылданады.


Автокөлік қажет емес адамдар болуы мүмкін - ӨДҚ жеңілдетілген автонесие туралы

ERNUR.KZ. Өнеркәсіпті дамыту қоры (ӨДҚ) басшысының орынбасары Ринат Ғаппаровқа Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қосымша қаржыландыру бола ма деген сұрақ қойылды, деп жазады tengrinews.kz.

Ғаппаровтың айтуынша, бағдарламаға қосымша қаржыландыру қажеттілігі туралы шешім ақпанда қанша қазақстандық бағдарламаға қатысқаны белгілі болғаннан кейін қабылданады.

"Қазір айта алмаймын, өйткені мен Үкімет мүшесі емеспін. Сондықтан, бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Біз қор ретінде Үкіметке тапсырма қоя алмаймыз. Біз анықтама дайындап жатырмыз, осы анықтамаға сәйкес бағдарламаны алғысы келетіндердің санын көруге болады. Анықтама Үкіметке тапсырылады, онда қазақстандықтардың бағдарлама ақшасына жалпы қажеттілігін жазамыз. Статистикаға қарау керек, ақпанда қаншасы "кіреді". Өйткені, 125 мыңның ішінде жай ғана байқап көруді шешкен адамдар да болды деп есептеймін, ал шын мәнінде автокөлік қажет емес адамдар болуы мүмкін", - деп түсіндірді Үкімет отырысында Ринат Ғаппаров.