​Автокөлік шамдарын ұрлаумен айналысатын күдікті ұсталды

0
894

Автокөлік жүргізушілері сақ болыңыздар және өздеріңіздің көлік құралдарын сақтаңыздар..


​Автокөлік шамдарын ұрлаумен айналысатын күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде түнде аулада тұрған «Volkswagen Touareg» маркалы автокөліктерден шамдарын ұрлаумен айналысқан 25 жастағы ер адам ұсталды, деп жазады BAQ.KZ

Ол соңғы рет көлігін көп пәтерлі үйдің маңында қараусыз қалдырған қала тұрғынының автокөлігін ұрлаған. Қаскөй автокөліктің алдыңғы шамдарын шешіп алған, 150 мың теңге сомасында шығын келтірген.

«Полицейлер ұрланған шамдарды тәркіледі, күдіктіні Астана қаласы ПД УҰИ орналастырды, ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адамның осындай екі ұрлыққа қатысы дәлелденді» - делінген полици департаменті таратқан хабарламада.

Өткен жылы күдіктінің автокөліктерден шамдарды ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

«Автокөлік жүргізушілерінен сақ болуларын және өздерінің көлік құралдарын сақтауларын сұраймыз. Автокөлікте бағалы заттарды қалдырмаңыздар, күзет дабылын орнатыңыз, автокөліктерді күзетілетін автотұрақтарға және автопаркингтерге қойыңыздар. Сондай-ақ қатты аяздарға байланысты автокөлікті кілтін қосып жылытуға қалдырмауларыңызды сұраймыз» - дейді мамандар.

Бөлісу