Аяғынан айырылған қазақстандық әйел Эверест шыңына шықты

0
981

Ең биік шыңға аяқсыз шыққан әлемдегі алғашқы әйел болды.


Аяғынан айырылған қазақстандық әйел Эверест шыңына шықты

ERNUR.KZ. Алты жыл бұрын Мария Әуезованың аяғын кесуге тура келген. Кеше ол 5 364 метр биіктікке шығып, таңғалдырды, деп жазады aikyn.kz.

Астаналық әйел жаттықтырушымен және күйеуімен бірге Эверест базалық лагеріне көтерілді. Осылайша, ең биік шыңға аяқсыз шыққан әлемдегі алғашқы әйел болды. Шыңға шығуға 10 күн уақыт кеткен. Марияға оңай болмады, бірақ табандылығының арқасында мақсатына жетті.

«Қиын болды! Ауырсыну, тер, көгерген аяқ, бүйректің ауруы, суық. Бірақ мұның соңы жеңіспен аяқталды! Бұл – бойыңдағы қорқыныш пен сенімсіздікті жеңу !» – деп бөлісті Мария.