Аягөз интернатында 3 баланың дене жарақатынан көз жұмғаны анықталды

0
614

Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, үшеуінің де басына зақым келген. Ал төртінші балаға қатысты ақпарат әлі берілмеді.


Аягөз интернатында 3 баланың дене жарақатынан көз жұмғаны анықталды

ERNUR.KZ. Аягөз балалар интернатындағы сұмдық жағдай. Эксгумациядан соң 3 баланың дене жарақатынан қайтыс болғаны анықталды. Бұл туралы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Сайын мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Естеріңізде болса, биылғы жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысына қарасты Аягөз ауданы арнайы қызмет көрсететін балалар орталығында белгісіз себептермен 4 тәрбиеленуші көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігі балалар ауырып қайтыс болды деген еді.