Аялдамасын өткізіп алған ер адам автобус жүргізушісін талдырып тастады

0
1 178

Автобус Қизатов көшесіндегі аялдамада тоқтап тұрған кезде ер адам жүргізушімен және басқа жолаушымен жанжалдасып, бұзақылық әрекеттерін жасаған.


Аялдамасын өткізіп алған ер адам автобус жүргізушісін талдырып тастады

ERNUR.KZ. 8 сәуір сағат 19:30 шамасында Петропавл қаласында 5 «М» бағытындағы автобуста жолаушы қажетті аялдаманы өткізіп алып, жол ақысын төлеместен автобустың ортасындағы есіктен шықпақ болған, деп жазады baq.kz.

Автобус Қизатов көшесіндегі аялдамада тоқтап тұрған кезде ер адам жүргізушімен және басқа жолаушымен жанжалдасып, бұзақылық әрекеттерін жасаған.



Рolisia.kz-тің мәліметінше, осы факті бойынша облыс орталығының 67 жастағы тұрғыны ұсталды.

ҚК 293-бабының 1-бөлігі «Бұзақылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады