Аяжан Еділованың өліміне қатысты іс сотқа жолданды

0
542

19 наурызда Алматы қаласының тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Бірнеше күннен кейін Алматы полиция департаменті қыздың қаза тапқанын хабарлады.


Аяжан Еділованың өліміне қатысты іс сотқа жолданды

ERNUR.KZ. Алматылық Аяжан Еділованың өліміне қатысты іс сотқа берілді, деп жазады Tengrinews.kz.

Тергеу барысында алынған материалдар зерттеу үшін Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.

"Т-ға қатысты зорлау, сондай-ақ ерекше қатыгездікпен адам өлтіру айыптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл іс жабық режимде қаралады, өйткені іс жыныстық сипаттағы жеке мәліметке қатысты. Алдын ала тыңдау кезінде сотталушыға қатысты істі не алқабилер, не судьяның жеке қарау мәселесі шешіледі. Процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін істі қарау күні туралы қосымша хабарланады", - деді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасынұлы.

Еске салайық, 19 наурызда Алматы қаласының тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Бірнеше күннен кейін Алматы полиция департаменті қыздың қаза тапқанын хабарлады.

Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында бойжеткеннің жоғалып кеткен күні жаңа танысымен кездесуге кеткені анықталған. Бұл туралы Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров мәлімдеді. Күдікті - 1993 жылы туған азамат, Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.