Азиядағы ең сымбатты жігіт – Димаш Құдайберген

0
1 063

Димаш Құдайберген 9,3 млн-нан астам дауыс жинап, бірінші орынға ие болды.


Азиядағы ең сымбатты жігіт – Димаш Құдайберген

ERNUR.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Азиядағы ең әдемі жігіт деп танылды, деп жазады baq.kz.

Кingchoice.me сайтына өткен «Азияның ең тартымды 100 адамы» (the 100 most attractive Asian celebs 2021) бойынша онлайн дауыс беру 30 қыркүйекте аяқталған болатын. Димаш Құдайберген 9,3 млн-нан астам дауыс жинап, бірінші орынға ие болды.

Димаш Құдайберген Оңтүстік Кореяның Ким Сокджин (BTS тобының солисі, екінші орын - 8,1 млн астам дауыс) және Чха Юн У (Бойбенд Astro қатысушысы, үшінші орын - 1,9 млн астам дауыс) сияқты танымал әншілерді басып озды.