Байқоңырда жоғалған баланың қалай қайтыс болғаны анықталды

0
2 356

Қазіргі уақытта екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.


Байқоңырда жоғалған баланың қалай қайтыс болғаны анықталды

ERNUR.KZ. Байқоңырда бір күн бұрын жоғалып кеткен жеті жасар Ерхан Анастың неден көз жұмғаны анықталды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ресей Тергеу комитетінің мәліметінше, баланың денесі Байқоңыр өткелінен 500 метр қашықтықта Сырдария өзенінің жоғарғы ағысындағы мұз жиегіндегі судан табылған.

Оқушының денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ол суға батып кеткен.

«Жүргізілген сот-медициналық сараптама нәтижесінде өлімнің себебі суға батқан кезде тыныс алу жолдарының сумен жабылуына байланысты механикалық асфиксия екендігі анықталды. Балада басқа дене жарақаттары жоқ. Ерхан Анасқа қатысты зорлық-зомбылық жасалғанын куәландыратын деректер жоқ», - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сондай-ақ авиациялық техниканы, сүңгуірлерді, Байқоңыр тұрғындарының еріктілерін қатыстыра отырып, екінші баланы іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 20 ақпанда Байқоңырда «Маяк» спорт кешенінде өткен жаттығудан кейін жеті жасар екі бала жоғалып кетті. Ресейдің Тергеу комитеті екі жас баланың жоғалып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Келесі күні Қызылорда облысының ТЖД хабарлағандай, балалардың бірі - жеті жасар Ерхан Анастың денесі Сырдария өзенінен табылды. Екінші баланы іздестірумен ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдары айналысып жатыр.