Байланыс операторлары төтенше жағдай кезінде SMS жіберуге міндетті болады

0
285

Заң жобасында мүгедектігі бар адамдар үшін жеңілдетілген тариф енгізу туралы да норма бар.


Байланыс операторлары төтенше жағдай кезінде SMS жіберуге міндетті болады

ERNUR.KZ. Парламент мәжілісі кейбір заңнамалық актілерге байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп жазады tengrinews.kz.

Заң жобасына сәйкес, байланыс операторлары өз желілерінде хабар алмасу технологиясын қамтамасыз етуге міндетті болады. Бұл төтенше жағдайлар кезінде жіберілетін жедел SMS хабарламаларға байланысты.
Алматыдағы жер сілкінісі кезінде қолданыстағы технологияларды пайдаланғаннан кейін хабарламалар тұрғындарға уақытында жетпеген еді. Жаңа норма болашақта осындай жағдайды болдырмау мақсатында қабылданып отыр.
Сондай-ақ байланыс операторлары жедел штабқа олардың өтініші бойынша мобильді байланыс станцияларын беруге міндеттеледі.
"Мысалы, орман өрті аймақтарын коммуникациямен қамтамасыз ету. Жалпы алғанда мұндай қажеттілік әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі болған кезде немесе төтенше жағдай жарияланған кезде туындауы мүмкін", - дейді депутаттар.
Сондай-ақ байланыс операторлары мүгедектігі бар жандар үшін жеңілдетілген ұялы байланыс тарифтерін енгізеді.