"Байтақ" және "Respublica" барлық аймақтағы мәслихат сайлауына қатысады

0
392

Тиісті қаулы ОСК отырысында қабылданды.


ERNUR.KZ. "Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы" мен "Respublica" партиясы барлық өңірдегі ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

ОСК ақпаратына сәйкес, "Байтақ" партиясы 15 өңірдегі, ал "Respublica" 19 өңірдегі мәслихат депутаттарының сайлауына жіберілді.

Орталық сайлау комиссиясы "Байтақ" партиясының партиялық тізімдер бойынша Абай, Ақмола, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарының, ал "Respublica" Атырау облысының мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға жіберу туралы қаулыны қабылдады.