​Бал тиелген жүк көлігі жанып кетті

0
1 052

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.


​Бал тиелген жүк көлігі жанып кетті

ERNUR.KZ.«Павлодар – Астана» бағытындағы тас жолда жүк көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«20 шілде күні сағат 23.37-те кезекшілік бөліміне көліктің отқа оранғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тілсіз жауды ауыздықтауға № 32 өрт сөндіру бөлімінен үш адам мен бір техника жұмылдырылып, сағат 00.15-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Департамент мамандарының айтуынша, Павлодардан Астанаға қарай бет алған көлікте 1,5 тонна бал тиелген. Жүк көлігі «Кочевник» дәмханасының жанындағы ашық аймақта тұрған сәтте отқа оранған. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.