Балабақшада бір жасар баланы ұрған тәрбиешіні полицейлер тергеп жатыр

0
383

Бейнебақылау камерасына жазылған бейнежазбадан тәрбиешінің балаларды қалай ұйықтатып жатқанын көруге болады.


Балабақшада бір жасар баланы ұрған тәрбиешіні полицейлер тергеп жатыр

ERNUR.KZ. Ақтаудағы балабақшада бір жасар қызды ұрған тәрбиешіге қатысты тергеу жүріп жатыр, деп жазады zakon.kz.

Баланың анасы полицияға арыз түсірген. Оның айтуынша, балабақша тәрбиешісі бір жасар қызының бетінен ұрған. Баланың денесінде де көгерген іздер болған.

Бейнебақылау камерасына жазылған бейнежазбадан тәрбиешінің балаларды қалай ұйықтатып жатқанын көруге болады. Бір баланы жатқан жерінен жұлқып алып, бетінен салып қалып, жастыққа лақтырып жіберген.

Полицейлер бұл жайтқа түсініктеме берді.
"Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі ("Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, 30 жастағы тәрбиеші тергелді. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды", – деген полицейлер Lada.kz басылымына.